Қазақстан инвесторлармен әріптестікті нығайтуда

Қазақстан инвесторлармен әріптестікті нығайтуда

Қазақстан Премьер-Министрі шетелдік инвесторлармен бірқатар кездесу өткізді. Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен 2026-2031 жылдарға арналған әріптестіктің негіздемелік стратегиясын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ көпжылдық ынтымақтастықтың маңыздылығы да атап өтілді. Антонелла Бассани елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.

Антонелла Бассани - Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті:

- Конституцияның қабылдануы - елдің болашақ даму бағытын айқындайтын аса маңызды кезең. Сондай-ақ соңғы бірнеше жыл ішінде елдің қол жеткізген әсерлі экономикалық нәтижелерін ерекше атап өткім келеді. Атап айтқанда, жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсімі мен халықтың әл-ауқаты деңгейінің едәуір жақсаруы жоғары бағалауға лайық.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Shell plc «Барлау және өндіру» бөлімшесінің президенті Питер Костелломен Қарашығанақ пен Солтүстік Каспийдегі жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Сондай-ақ  геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық әлеуеті қаралды. Chevron Upstream президенті Клэй Неффпен кездесуде де дәл осы бағыттағы әлеуетке, яғни Теңіз және Қарашығанақ жобаларына, жаңа өндірістік нысандарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуге назар аударылды. Кездесулер қорытындысы бойынша инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілік расталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?