Қазақстанда Орталық Азиядағы Greenfield жобаларының 89%-ы шоғырланған

Қазақстанда Орталық Азиядағы Greenfield жобаларының 89%-ы  шоғырланған

Қазақстан инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтап отыр. Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия мәліметінше, өткен жылы Республика greenfield-жобаларға 19 млрд доллар тартқан. Бұл жаңа өндірістерге бағытталған өңірішілік салымдардың 90%-ға жуығы. Үкіметте атап өтілгендей, жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 14%-дан астам өсіп, 20,5 миллиард долларды құрады. Оның негізгі көлемі сауда, өңдеу өнеркәсібі және тау-кен өндіру секторына тиесілі. Қазақстанның ең ірі инвесторлары - Нидерланд, Ресей, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері және Сингапур. Олардың капиталы ірі индустриялық, инфрақұрылымдық және жоғары технологиялы жобаларды іске асыруға бағытталған. Үкімет мұндай нәтижелерге жүйелі реформалардың, жобаларды жедел сүйемелдейтін инвестициялық штаб жұмысының, сондай-ақ инвестициялық келісімдер тетігінің арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. Мұндай келісімдер құны 60 миллион доллардан асатын жобаларға 25 жылға дейінгі мерзімге заңнамалық кепілдік береді. Бүгінгі таңда осындай 62 келісім жасалды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?