Қазақстанның
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық
тізімдерін қабылдауды аяқтады. Орталық сайлау комиссиясы жеті саяси партияның
құжаттарын қабылдады. Бұл ретте міндетті шарттардың бірі - әрбір тізімдегі
әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың үлесі кандидаттардың
жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауы тиіс. Енді уәкілетті мемлекеттік
органдар үміткерлердің Конституция талаптарына сәйкестігін тексеруге кіріседі.
Партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілдеде аяқталады, деп хабарлады Орталық сайлау
комиссиясы. Сонымен қатар халықаралық байқаушыларды аккредиттеу жалғасуда. Қазірдің
өзінде үш халықаралық ұйым мен төрт елден 60 өкіл тіркелген.
Мұхтар Ерман, ҚР ОСК Төрағасының орынбасары:
– Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясынан
4 байқаушы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Парламентаралық Ассамблеясынан 19 байқаушы, Саулады байқау жөніндегі Еуропадағы
қаупсіз және ынтымақтастық ұйымының миссиясынан 32 байқаушы, Мальдив Республикасынан
2 байқаушы. Палестина мемлекетінен 1 байқаушы. Венесуэладан 1 байқаушы. Мажарыстаннан
1 байқаушы. Аккредитация өткізу үшін ұсыныстарды келіп түсуіне қарай байқаушылар
жөніндегі деректер жаңартылып отыратын болады.

