Қаржы институтының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес бағаның құнсыздануы 2023 жылы 12% дейін қысқаруы мүмкін. Сарапшылар инфляция деңгейін төмендетуге және инфляциялық күтулерді тұрақтандыру бағытында тұрақты үрдіске қол жеткізуге Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты үлес қосады деген тұжырым жасаған. Дегенмен, ХВҚ өкілдері инфляциялық қысымдар салдарынан қазіргі жоғары базалық мөлшерлеме болжанған уақыттан да ұзақ мерзімге созылуы мүмкін екенін ескертті. Еске сала кетейік, аз бұрын Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов екінші жартыжылдықта реттеуші банк мөлшерлемені азайту шарттарын қарастыратынын мәлімдеген болатын. Айтуынша, бұл шара бағаның болжамды деңгейге сәйкестігі, жанар-жағармай бағасы мен коммуналдық төлемақылардың өсіміне қатысты инфляция деңгейінің тұрақтылығы сынды факторларға тәуелді. Айта кетейік, Ұлттық банктің мамыр айындағы болжамы бойынша Қазақстанда 2023 жылдың соңына қарай жылдық инфляция 11-14%, 2024 жылы 9-11% деңгейінде болуы ықтимал.