Нидерланд Қазақстанға 125 млрд доллардан астам инвестиция салды

Нидерланд Қазақстанға 125 млрд доллардан астам инвестиция салды

Нидерланд соңғы жиырма жылда Қазақстан экономикасына 125 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Тараптар Қазақстан-Нидерланд іскерлік кеңесінің екінші отырысында ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады. Корольдiк аса iрi шетелдiк инвестор және республиканың Еуропалық одақтағы негiзгi сауда-экономикалық серiктестерiнiң бiрi болып қала бермек. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 6 миллиард долларға жақындады. Бүгінде Қазақстанда Нидерланд капиталының қатысуымен 700-ден астам компания жұмыс істейді. Өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика саласында өзара іс-қимыл айтарлықтай әлеуетке ие. Транскаспий халықаралық көлік бағыты әріптестікті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынып отыр. Оның дамуы Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік дәліз ретіндегі рөлін күшейтеді.


Дана Қасымова, Қазақстан Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының міндетін атқарушы:


- Қазақстан негізінен мұнай, мұнай өнімдері мен титаниюм экспорттайды. Нидерланд елінен машиналар, түрлі жабдықтар, біздің клиникаларға қажетті медициналық құралдар, ауыл шаруашылығы өнімдері, соның ішінде гүл экспорты жолға қойылған Біздің компанияларымыз осы іс-шарадан соң өзара тікелей байланыс орнатып, қандай да бір бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін іздестіреді.


Нико Схермерс, Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Дәстүрлі түрде Қазақстан мен Нидерланд мұнай-газ саласында белсенді әріптестік орнатқан. Алайда, бүгінде бұл серіктестік ауқымы энергетика аясынан әлдеқайда асып түседі. Перспективалы бағыттар қатарында су шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешені, көлік, логистика және инфрақұрылымдық жобалар бар. Елдеріміз сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растап отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?