Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін арттыру – басты міндеттердің бірі. Бұл туралы ел халқына Жолдауын жариялау барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Президент аталған салада ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Ақтауда контейнерлік хаб құру арқылы Транскаспий дәлізін дамыту көзделген. Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады, деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия - Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр. Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек.