Бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға сапармен
келді. Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан
Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді. Қасым-Жомарт Тоқаев
Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды. Трапта Құрмет қарауылының ротасы
сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер
қошемет көрсетті.
Елорда әуежайының терминалында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си
Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды.
Сәл кейінірек Президент Қасым Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Қытай
Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алды. Тараптар келіссөз өткізді.

