Қазақстан Президенті Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілін қабылдады

Қазақстан Президенті Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілін қабылдады

Қазақстан Президенті Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі Еуропа Одағымен көпжоспарлы ықпалдастықты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті. Президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім екі жақты-қарым-қатынастың айтулы кезеңі деп санайды. Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы белсенді және конструктивті диалогқа жоғары баға берді. Өз кезегінде Эдуардс Стипрайс Еуропа Одағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін мәлімдеп, екіжақты және өңірлік ықпалдастықтың қарқыны арта беретініне сенім білдірді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?