ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті

ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті

Ынтымақ, бірлік, келісім. Астанада Қазақстан Халқы Ассамблеясы шығармашылық ұжымдарының бірінші республикалық фестивалі өтті. Өнер сайысы  бірегей құрылымның 30 жылдығына арналды. «Халық биі», «Халық әні» және «Халық аспаптары» аталымдары бойынша елдің әр аймақтарынан келген 25 жеңімпаз бен жүлдегер марапатталды. Абай облысынан келген «Асыл әжелер» ұжымы үздік үштіктер қатарынан көрінді.


Қарлығаш Тілекова, «Асыл әжелер» шығармашылық ұжымының мүшесі:


- «Апа-әжелеріміздің көңіл күйі өте жақсы. Іс-шара үшін ұйымдастырушыларға рахмет айтамыз. Ұжымда 10 апа-әжеміз бар. Үлкені 80, кішісі 50 жаста. Бәрі немере-шөбере сүйіп отыр. Байқауда «Дедім-ай, ау!» әнін орындадық»».


Фестивальдан жастар да шет қалмады. «Ассамблея Жастары» - бірегей институттың болашақ кадр резерві. Олар республикалық және халықаралық байқауларда бақтарын сынап жүр.


Тимур Жұмырбаев, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы:

- «Сахнаға көп жастар шықты. Олар ұлттық мәдениетімізді насихаттап, одан әрі дамытуды жалғастырып келеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясы шығармашылық ұжымдары ұйытқы болған осы бастама, енді шығармашыл жастарға бағыт-бағдар, қолдау болуы керек. Бұл өте маңызды». 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?