Елордада америкалық суретшінің көрмесі ашылды

Бояулар үндестігі! Ұлттық мұражайда америкалық суретші Шри Чинмойдың интуитивті кескіндемелер көрмесі ашылды. Қылқалам шебері түстерді дұрыс үйлестіре білу арқылы адамның санасына әсер етіп, жүйкесіне тыныштық орнатуға болады дегенді өз жұмыстарының негізіне алған.

Тіпті «Джарна Кала» деп аталатын өз мәнерін қалыптастырды. Ол ішкі жан дүниенің сезімін білдіретін «бұрқақ өнер» дегенді білдіреді. Бүгінде суретшінің еңбектерінің түпнұсқалары тұрақты жәдігер ретінде әлемнің атақты мұражайларында сақтаулы. Жанға шипа болар ерекше туындылармен алдағы ақпан айының 10-на дейін танысуға болады. 

НАЗГҮЛ ҚАДІРІМБЕТОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл тек қана үлкен аға буын өкілдеріне ғана емес, сонымен қатар мына кіші ұрпақтарымызға да бұл жерде түстерді ойнату, бояулардың ерекшелігі, ол бояулардың сезімталдығы баланың болсын, үлкен адамның болсын ойына, сезіміне әсер етуі осы көрменің ерекшелігі болып табылады. Картиналар өзінің әсемдігімен ғана емес, аты айтып тұрғандай бояулардың үйлесімділігімен, үндестігімен ерекше және қонақтарды тартады, қызықтырады. Қонақтарды баулуға ықпал етеді деген сенімдеміз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов