Күн мен түннің теңелу мейрамы – Әз-Наурызды Орталық Азия елддері де кеңінен атап өтіп
жатыр. Еске салай кеткейік, 2009 жылы Наурыз мерекесі UNESCO-ның адамзаттың материалдық
емес мәдени мұра тізіміне енгізілген. Жаңару мейрамын
Түркіменстан ерекше атап өтті. Салтанатты іс-шара «Наурыз алқабы» деп аталатын
алаңда ұйымдастырылды. Қонақтар музыкалық және театр қойылымдарын тамашалады.
Ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі де келушілердің назарын аудартты. Келушілер
елдің үздік аспазшылары дайындаған ұлттық тағамдардан дәм татты. Спортшылар дәстүрлі
жарыстарда бақтарын сынап, шеберліктерін паш етті. Әйгілі «Ғалқыныш» ат спорты тобының жігіттері болса қонақтарға бірегей
шоу ұсынды.
Иван
Волынкин,
Ресей Федерациясының
Түркіменстандағы төтенше және
өкілетті елшісі:
- Бүгін керемет күн. Наурыз – әуелі көктем мен табиғаттың жанданатын кезеңіндегі мереке.
Біз оны бірге атап өтіп жатырмыз. Түркіменстан осындай дәстүрді қолдап келеді.
Бұл өте қуантарлық дүние. Елдің мәдениеті, ежелгі салт-дәстүрлері ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып келеді. Өздеріңіз қараңыздаршы, қандай әдемі мереке, ерекше
безендірілген.
Нұрлан Ноғаев, Қазақстанның Түркіменстандағы төтенше және
өкілетті елшісі
- Осы күні біз бір-бірімізге бейбітшілік, жақсылық, әр
шаңыраққа тұрақтылық пен амандық тілейміз. Қыстан шыққан халық жаңару
мерекесінде болашаққа зор үмітпен қарайды. Шуақты күндер мен жақсылық күтеді.
Мереке аясында Түркімен халқының тұрмысы мен мәдениетіндегі ерекшеліктерді
байқадық. Салт-дәстүрі мен қолөнер бұйымдарымен таныстық.
Наурызды Тәжікстан да ерекше қарсы алды. Таң алдына Душанбе халқы алау
жақты. Ежелгі дәстүр бойынша бұл мерекенің басталғанын білдіреді. Алау көктемге
жол ашады деп ырымдалады. Сонымен қатар, өткен жылдағы қиындықтар жалынға
оранып, от күш-қуат береді деген сенім бар. Жаңару мерекесі қуаныш нышаны
іспеттес ән-биден басталды. Душанбе көшлерімен керуен жүріп өтті. Көктем
мерекесінің келгенін кернейшілер де жар салды. Керней тәжіктер үшін – наурыздың
бас музыкалық аспабы. Шаттық пен көктем мерекесі шетелдік қонақтарға ерекше
әсер сыйлады. Олардың көпшілігі Тәжікстанға Наурыз кезінде әдейілеп сапарлайды.
- Біздің ұлтымыз иран. Германиядан осы Нарурыз мерекесі
үшін арнайы келдік. Тәжікстанда бұл мерекені ерекше әрі кең көлемде атап өтеді
екен. Әдемі әсер алып, таңқалып тұрмыз. Өз үйімде жүргендей еркін сезінемін.
- Наруыз мерекесін атап өту үшін Тәжікстанға келу керек
деп есептеймін. Бұл жерде мейрамды ерекше көңілмен тойлайды. Барлық адамдардың
жүзінен шаттық пен бақыт ұшқынын көруге болады. Бұл жігер береді.

