Қазақстанда Жошы хан туралы сериалдың соңғы түсірілім жұмыстары жүргізілуде

Қазақстанда Жошы хан туралы сериалдың соңғы түсірілім жұмыстары жүргізілуде

Қазақстанда «The Golden Empire» - Алтын орда туралы телехикаяның түсірілімі аяқталуға жақын. Тарихи сериалдың соңғы түсірілімдері Жетісуда жүргізілуде. Бұл кезеңде туындының мазмұнын тереңдетіп, финалға айрықша мағына беретін маңызды көріністерге баса назар аударылып отыр. Түсірілім алаңына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин да келді. Ол шығармашылық топпен финалдық кезеңнің ерекшеліктерін, соңғы көріністердің мазмұндық тұстарын және постпродакшнге қатысты мәселелерді талқылады. Айта кетейік, тарихи туындының ағылшын тіліндегі нұсқасы алты сериядан тұрады. Халықаралық жоба «Karga Seven Pictures» кинокомпаниясы «Дара» Президенттік бастамалар қорының қолдауымен жүргізіліп жатыр. Оқиға желісі Жошы ханның өміріне негізделе отырып Алтын Орда туралы баяндайды. Жоба сегіз ерекше локацияда түсірілген. Атап айтсақ, «Қазақфильм» киностудиясы, Суықтөбе, Ескелді би ауылы, Бұтақ және Кімасар шатқалдары, қасиетті Тамғалы тас пен ерекше атмосфераға ие Көшпенділер қалашығы сияқты орындарда өткізілген.

Авторы: Динара Бахытбек

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?