Келесі жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде
кассациялық соттар
жұмысын бастайды.
Бұл туралы мемлекет басшысына Жоғары сот кеңесінің төрағасы
баяндады. Кездесуде сот корпусын нығайтуға және жаңартуға,
Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік
жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды. Дмитрий
Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы
құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді
цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.