20-дан астам елдің пошта операторлары Астанадағы саммитте бас қосты

20-дан астам елдің пошта операторлары Астанадағы саммитте бас қосты

Астанада халықаралық Орталық Азия пошта саммиті аясында 20-дан астам ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжаттар трансшекаралық логистиканы жетілдіріп, отандық сауда қарқынын арттыруға бағытталған. Осылайша,  жаһандық жеткізу қызметінде еліміздің позициясын нығайту көзделіп отыр. Астаналық алаңда Орталық Азия өңірі, Солтүстік-Шығыс және Шығыс Азия мемлекеттерінің Ұлттық операторлары бірқатар өзара уағдаластықтарға қол жеткізді. Ауқымды іс-шараға Дүниежүзілік пошта одағының өкілдері мен электронды коммерция саласындағы әлемдік көшбасшылар да жиналды. Электронды саудадағылар сауда көлемі мен транзит әлеуетінің өсуіне айтарлықтай серпін беріп келеді.

Азамат Кескінбаев, «Қазпочта» АҚ Қаржы жөніндегі басқарушы директоры:

- Бұл жерде көптеген ірі логистикалық компаниялар өзара келісімдер жасап, жаңа нарықтарға шығады. Қазіргі таңда операторлар логистикалық компаниялармен бәсекелес болуы керек. Бұл алаң өзара тәжірибе бөлісіп, шеберлік алмасуға мүмкіндік береді.  «Қазпошта» бірлескен жобасы секілді ортақ бизнестер құрылады. Осындай ынтымақтастықтың нәтижесінде біздің  кірісіміз былтыр алғаш рет 100 млрд теңгеден асты.  

Өндірісті автоматтандыру сәлемдемелердің жылдам жеткізілуіне ықпал етеді. Форумда пошта қызметінде технологиялық үрдістердің маңыздылығы туралы да айтылды. Айта кеткейік, сұрыптау мен жеткізуді автоматтандыруды Қазақстанның Ұлттық пошта операторы да енгізіп жатыр. Өткен жылы Қазпошта 20 миллионнан атсам сәлемдемені өңдеген. Оның жартысы шетелден. Қазір компания Қытай және Жапония трансұлттық компанияларымен заманауи жабдықтар шығару бойынша ынтымақтастықты жолға қойған.

Ючиро Ишибаши, Жапониялық корпорацияның вице-президенті:

- «Біз әлем бойынша көптеген елдерге 1 500-ден астам сұрыптайтын машина мен басқа да жүйелерді жеткізіп бердік. Орталық Азияда тәжірибеміз әзір көп емес. Енді осы аймақта, оның ішінде Қазақстанда қарым-қатынасымызды кеңейтуге тырысамыз. Бірнеше күн бұрын сұрыптау орталығында кішігірім таныстыру шарасын өткіздік. Енді тестік жұмыстарды бастаймыз. Біздің жүйе лайықты жұмыс істеп, «Қазпошта» операцияларын жақсартады деген үміттеміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?