Қ.Тоқаев Сербия Президентімен келіссөз жүргізді

Қ.Тоқаев Сербия Президентімен келіссөз жүргізді

Қазақстан Президенті Сербия басшысымен келіссөздер жүргізді. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Сербия сарайының алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеді. Кейін екі елдің әнұрандары шырқалды және он рет зеңбіректен оқ атылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен шағын форматтағы келіссөздерде Мемлекет басшысы ретінде Сербияға алғашқы сапарының мәні ерекше екенін айтты. Сонымен қатар бұл сапар қазақ-серб қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Оның үстіне Астана мен Белград экономикалық ықпалдастықты нығайту үшін нақты шаралар қабылдап, сауда және инвестициялық байланыстарды белсенді дамытуға ниетті екенін жеткізді. Александр Вучич сондай-ақ Сербия Қазақстанмен іскерлік байланыстарды тереңдетуге, оның ішінде экономиканың негізгі секторларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін айтты. Бұдан бөлек тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.