АҚШ инвесторы қазақстандық ІТ-стартапқа 1 млн доллар инвестиция құйды. Ол құжат айналымы саласында инновациялық шешімдерді енгізуді көздейді. Яғни, стартап СМС және басқа да тексеру әдістері арқылы келісімшарттар жасауға септеседі. Үкіметте осы текті тың жобалар арқылы әділет органдарын цифрландыру әлеуеті қаралды. Айта кетейік, салалық министрлік мемлекеттік қызметтің 94 түрін ұсынады. Оның 90% онлайн форматта қолжетімді. Мәселен, былтыр көрсетілген 14 млн астам қызметтің 88% қашықтан іске асырылған. Цифрлық трансформация аясында 60 астам бизнес-үрдістерге реинжиниринг жүргізілді. Нәтижесінде тиімділіктің 54% артуы күтілуде. Тек электрондық үлгіде сенімхат алу 4 есе артқан. Сонымен қатар, елімізде заң шығару процесін автоматтандыруға арналған «QazaqLaw» жасанды интеллект агенті жұмыс істейді.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Агент GhatGpt негізінде жасалды, бірақ кейіннен біз оны қосымша оқытып,
жетілдірдік. Біз оны цифрлық трансформацияда көмектесу үшін қолданамыз. Агент
бізге мемлекеттік органдар үшін ақпараттық жүйелерді құру процесін жеделдету
бойынша ұсынымдар қалыптастыруға көмектесті. Мысалы, 18-24 айдан 4-6 айға
дейін. Осылайша, жасанды интеллект интеграциясы әділет жүйесін одан әрі
жетілдірудің қуатты құралы болатынына сенімдіміз.

