Қазақстанда білім беру және өнеркәсіп салаларында АІ-стартаптар іске қосылады

Қазақстанда білім беру және өнеркәсіп салаларында АІ-стартаптар іске қосылады

Қазақстанда әр оқушының деңгейіне қарай оқу материалын лайықтайтын және прогреске талдау жасайтын цифрлық оқулық, сондай-ақ спортты дамытуға арналған технологиялық платформа әзірленді. Бүгінде AI Kitap және OlympIQ жобаларын мектептер мен спорт федерацияларында пилоттық режимде енгізу қарастырылған. Олардың тізімі де бекітіліп қойылған. Бұл жөнінде Премьер-Министрмен кездесуде қазақстандық IT-компаниялардың өкілдері айтты. Тараптар әлеуметтік саладағы стартаптарды талқылады. Олжас Бектенов Жасанды интеллект технологияларын дамыту -Үкіметтің басты міндеті екенін алға тартып, отандық озық үлгідегі АІ-өнімдерді жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, елдегі өнеркәсіптерге ендіру көзделіп отырған тың бастамалар қаралды. Деректерді талдау, болжау және автоматтандырудың интеллектуалды жүйелері өндірістік үдерістерді оңтайландыруға, энергетика және көлік салаларының тиімділігін арттыруға, операциялық шығындарды азайтуға, сондай-ақ тәуекелдерді басқаруға септеседі. Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов уәкілетті органдарға IT-мамандардың ұсыныстарын қарастыруды тапсырды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?