Елордада Ұлы Отан соғысына арналған «Ерлікке тағзым» кітабы таныстырылды. Туынды қазақстандық жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің жеңіске қосқан үлесі жайлы баяндайды. Басылымға осыған дейін еш жерде жарияланбаған құжаттар мен бірегей фотосуреттер де енді. Жаңа еңбекке Президент Архиві қорындағы материалдардан тыс, өңірлік архивтер мен кітапханалардан деректер жиналған. Өзбекстан мен Ресей мұрағаттарынан да материалдар алынды. Жиыны 30-дан астам газет қиындысы, 170-тен астам фотосурет және 130 тарихи құжат енді.
Евгения Чиликова, ҚР Президенті архивінің аға ғылыми қызметкері:
- Бірінші бөлімде соғысқа қатысқан Қазақстан әскери құрамаларды туралы жазылған. Екінші бөлім «Қазақстан - майдан арсеналы» деп аталады. Үшінші бөлім қарапайым адамдардың, яғни тыл ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесіне арналды. Қазақстан даласында ұрыстар болған жоқ, тек елдің шығысында арнайы операциялар жүргізілгені белгілі».

