Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 30,5 мың отбасыға төлем берілді

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 30,5 мың отбасыға төлем берілді

Қазақстанда 30,5 мың отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік төлем алып үлгерді. Барлығы - ел аумағында тасқын су салдарынан 12 мың тұрғын үй мен 18 мың саяжай зардап шеккен. Арнайы комиссия оның 84% тексеріп, қорытынды жасады. Оған сәйкес, 9 мың үй қалпына келтіруге жарамды болса, 4,5 мыңы апаттық жағдайда деп танылған. Қазір судың беті қайтқан өңірлерде жаңа үйлердің құрылысы басталды. Әзірге 2 мың үйдің құрылысы жүріп жатыр. Одан бөлек, 3,5 мың үйді нарықта сатып алу көзделген. Айта кетейік, үйі жарамсыз болып қалған қазақстандық отбасыларға жаңа оқу жылы басталмай тұрып,  жаңа баспананың кілтін табыстау жоспарлануда.