Қазақстан Конго үшін спутниктік платформа әзірлейді

Қазақстан Конго үшін спутниктік платформа әзірлейді

Қазақстан ғарыш технологияларының экспортын кеңейтуде. Республика Конго үшін Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін әзірлеу және іске асыру туралы инвестициялық келісім жасады. Оның аясында спутниктік платформа құру қарастырылған. Ол жер бетіне жоғары дәлдікпен және жедел мониторинг жүргізе алады. Сонымен қатар платформадан бөлек Қазақстан оқыту мен тәжірибе алмасуды қамтитын кешенді шешім ұсынады. Жалпы, жоба Африка елінде ұлттық қауіпсіздікті, ресурстардың мониторингін, ауыл шаруашылығын, экология мен урбанистиканы қамтамасыз етудегі ғарыш технологияларын дамытуға бағытталған. Айта кетейік, аталаған келісім Конго Республикасына Жерді қашықтан зондтау спутниктерінің халықаралық тобына қосылуға мүмкіндік береді. Бұл топқа қазірдің өзінде Моңғолия кіреді. Салалық ведомствода атап өткендей, келісім екіжақты ынтымақтастықты да кеңейтеді. Ең бастысы – Қазақстан тиімді технологиялық әзірлемелер орталығы ретінде өз позициясын арттырып келеді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?