Жыл соңына дейін Қазақстанда Қызыл кітаптың жаңартылған нұсқасы ұсынылады. Қазір соңғы редакторлық жұмыс жүргізілуде. Елімізде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың тізімі 217 түрден тұрады. Осы мақсатта флора мен фаунаның 59 түрдің атауы нақтыланды, сондай-ақ моллюскалардың екі түрі мен жәндіктердің 17 түрі алынып тасталды. Олардың популяциясына қазір ешқандай қауіп жоқ. Сондай-ақ Тянь-Шань қоңыр аюларының да саны едәуір артқаны байқалады. Әсіресе жоңғар Алатауында көрсеткіш жоғары. Бұдан басқа, тізімге шаяндар, бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер, құстар, сүтқоректілерді қоса алғанда, жануарлардың 11 басқа да түрі қосылды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен каспий итбалығы мен Пржевальский жылқысы мемлекеттің қорғауына алынды. Сондай-ақ жақын арада қызыл кітаптың түрлері бойынша ресми веб-сайт іске қосылады. Табиғат сақшыларының пайымынша, бұл ең алдымен халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін маңызды.
Болат Есекин, эколог:
- Ең басты құрал табиғатты қалпына келтіру болып табылады. Өзендердің еркін ағысын, топырақтың құнарлылығын, ормандардың сақталуын қалпына келтіру. Яғни таралу аймақтары биологиялық әртүрлілікті сақтауды қолдау үшін қажетті және басты шарт болып табылады.
Роман Ященко, ҚР Зоология
институтының бас директоры:
- Мұнда түрлі әдістемелер қолданылады. Бұл әуеден есепке алу да болуы мүмкін. Бұл белгiлi бiр түрдегi белгiлi бiр дананың қайда қозғалатынын қадағалайтын спутниктiк таратқыштар қондырғылары даболуы мүмкiн. Бұл, айталық, кейбір қызыл кітаптағы құстардың қоныс аударатын түрлерімен байланысты. Яғни, біз қондырғыларды ілеміз және әрі қарай спутник арқылы осы түрдің қайда жылжып бара жатқанын қайда қыстайтынын, ұя салатынын бақылаймыз.
Әсел Күшенғалиева

