Өсімдік майы, ұн, күріш, шатырлар мен көрпелер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстаннан Ауғанстанға 36 вагон гуманитарлық көмек жөнелтілді. Жүк құрамымен қатар, қажетті дәрі-дәрмек түрлерінің 3 тоннасы әуе арқылы жеткізілді. Қазақстанның аталған мемлекеттегі уақытша сенімді өкілінің айтуынша, еліміз ауған халқына қолдау көрсетуді одан әрі де жалғастырып, тараптар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға ниетті. Яғни, еліміз тек гуманитарлық көмекпен шектелмей, тау-кен өндірісі, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге әзір.

