Қазақстан мен Қырғызстан серіктестікті дамытуға ниетті

Қазақстан мен Қырғызстан серіктестікті дамытуға ниетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады. Мемлекет басшысы мейманға ілтипат білдіріп, оның елімізге алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ, бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз деді. Сондай-ақ ол Қырғызстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғанымен құттықтап, мұны өңір елдері үшін тарихи оқиға деп атады. Өз кезегінде Марлен Маматалиев қырғыз тарапы елімізде іске асырылып жатқан ауқымды конституциялық өзгерістерді қолдайтынын және бұның әділетті әрі озық Қазақстанды құруға берік негіз қалайтынын жеткізді. Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту және қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Астана мен Бішкек стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға бейіл. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?