Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы шетелдік БАҚ назарында

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы шетелдік БАҚ назарында

Қазақстанның Негізгі заң жобасы шетелде де талқылануда. Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістер туралы америкалық «Eurasianet» басылымы көлемді мақала жариялады. Онда - бір палаталы парламентке көшу, вице-президент лауазымын қалпына келтіру, егемендік туралы заңнаманы күшейту, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту жайы жазылған. Сарапшылар атап өткендей, Конституцияның нәтижесі мәтіндегі өзгерістермен қатар, жаңа құрылған институттардың ел тұрақтылығын сақтай отырып, қаншалықты тиімді жұмыс істей алатынына да байланысты болады. Қырғызстандық сарапшылар да осындай пікірде. Мәселен, «Eurasia Today» ақпараттық агенттігінің мақаласында жаңа Конституция жобасы Қазақстанның саяси тарихындағы ең ірі оқиға ретінде бағаланды. Алдағы референдум одан арғы мемлекеттік басқару моделін анықтап, мемлекет, қоғам және билік институттары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа қағидаттарын бекітуі тиіс.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?