Қазақстанда жаңа саяси мәдениет қалыптасу үстінде. Бұл тек соңғы жылдары жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында ғана мүмкін болды. Саяси жаңғыру үдерісінің нәтижелерін қазірдің өзінде халық сезе бастады. Бүгінде оның арқасында қазақстандықтар өз ойын ашық білдіріп, болашаққа сеніммен қарай бастады. Әр маңызды шешім қабылданар алдында, ол тек халықтың келісімімен жүзеге асырылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтқан демократиялық өзгерістердің нағыз көрсеткіші, ол – халықтың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігі. Бұл туралы халық қалаулылары да айтуда. Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің айтуынша, Президент өз сұхбатында Парламентке де, атқарылар жұмыстың жоспарын бекітіп, елдің дамуы үшін қажет бағыттарды да айқындап берді. Оның үстіне, азаматтардың саяси менталитетіндегі өзгерістер қазірде көрініп келе жатыр. Бұны депутаттардың халықпен кездесуінде байқауға болады. Халық қалаулысының айтуынша, бүгінгі Қазақстан азаматы, өз құқығын білумен қатар, оны қорғай алады әрі еліміздегі өзгерістерге дайын.
Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Бүгінгі қазақстандық пен екі жыл бұрынғы, тіпті бір жыл бұрынғы қазақстандық азаматты алып қарасаң мүлдем басқа адамды көресің. Саяси реформалар белгіленгеннен кейін бір жыл ішінде ауқымды ұйымдастырушылық саяси жұмыстар атқарылды. Өкілетті билік органдары қайта құрылып, Мәжілісте де, Сенатта да, Мәслихаттарда да сайлау өтті. Бұл шын мәнінде қоғамның көкейінде жүрген сұрақтарының, сауалдарының шешімі болды. Бұл жұмысқа арналған бағдар, бұл - қоғам қайраткерлері үшін бағдар. Бірақ Үкімет үшін алға қойған міндет.