Астанада «Орталық Азия – Қытай» медиафорумы өтті. Іс-шараны аспан асты
елінің «Жэньминь жибао» газеті және Қазақстан Республикасының Президенті
Телерадиокешені ұйымдастырды. Форумға масс-медианың 200-ден астам өкілі
жиналды. Сонымен қатар, Орталық Азия мен Қытайдың саясаткерлері мен сарапшылары
жиналды. Олардың пікірінше, медиа алмасу – қарым-қатынастың маңызды бөлігі, сол
себепті БАҚ ынтымақтастықтың жаңа форматтарын табу қажет. Бұл ретте ақпараттық
технологияның қарқынды дамып келе жатқандығын ескерген жөн.
Раушан Қажыбаева, ҚР Президенті Телерадиокешенінің директоры:
- «Бір белдеу, бір жол» жобасы бұл тек қана инфрақұрылым мен экономика
емес. Бұл - адамзаттың ортақ тағдыры идеясына негізделген философия. Бұл идея
бізге ерекше жақын. Біз - Ұлы Жібек жолының мұрагерлеріміз. Қазір тауарлардың
байланысы туралы емес, идеялар, мағыналар мен сенім туралы айтып отырмыз. Өйткені,
елдер арасындағы шынайы жақындық адамның түсінігі мен өзара қызығушылығынан
басталады. Бұл үрдісте бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін асыра бағалау
мүмкін емес».
«Жэньминь жибао» газеті бас редакторының орынбасары Фан Цзяньшань Орталық Азия елдері мен Қытай ресми түрде екі жақты ортақ
тағдыр қауымдастығын құратындығын атап өтті.
Фан Цзяньшань, «Жэньминь Жибао» газеті бас редакторының орынбасары:
- «Адамзаттың ортақ тағдыр қауымдастығын құру идеясы қуатты қозғалыс
ретінде ғаламдық түсіністік пен ортақ құндылыққа айналып барады. Бұл аймақты
тек екі жақты ғана емес, көп жақты форматта қамтыған бірінші жағдай болып отыр.
Аймақтың түгел қамтылуы тараптардың сапалы әрі жоғары дәрежелі әріптестікке және
мақсатқа ұмтылудың көрінісі».

