Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңестің
экономикалық мәселелерге қатысты жұмыс отырысы
өтті. Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан
әлемдік нарықтағы ахуалдың өзгеруіне
байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды. Президент
кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін атап өтті. Үкіметтің
міндеті - халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім
қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу.
Ал, ірі инфрақұрылымдық жобалар мен цифрландыру
жоспары басым бағыттар болып қала береді. Отырыста мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын сақтау мен ақша-несие
саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Жиын соңында Президент тиісті
органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

