Қазақстандағы конституциялық реформаны талқылау әлемдік бұқаралық ақпарат
құралдарының назарында. Шетелдік сарапшылар алдағы өзгерістерді батыл қадам
және нағыз саяси трансформацияның белгісі деп бағалады.
Венгрияның Hungarian Conservative журналы толық көлемді мақала ұсынды.
Басылым билік құрылымындағы негізгі реформаларға - вице-президент лауазымын
енгізу мен бір палаталы Құрылтай қалыптастыруға баса назар аударады. Жарияланым
авторының пікірінше, бұл Қазақстанның сенімді экономикалық серіктес ретіндегі
беделін нығайтады. Сондай-ақ, елімізді халықаралық инвесторлар үшін бұрынғыдан
да тартымды бағыт етеді.
Ал британдық EU Today интернет-басылымның мақаласында Орталық Азиядағы ең
ірі ел - Қазақстан ауқымды демократиялық реформалар жолымен келе жатқаны атап
өтілген. Бұл республиканың адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігі
саласындағы өңірлік көшбасшы мәртебесін нығайтады. Бұл жаңа Конституцияның
басты басымдығы - адам ең жоғары құндылық. Мақалада мұндай тезистің
Қазақстанның бүкіл конституциялары тарихында алғаш рет бекітілетініне баса
назар аударылған.
Өз кезегінде The Times of Central Asia басылымы реформалардың жалпы тұжырымына
назар аудартады және оны билік теңгерімі, жауапкершілік, саяси болжамдылық пен кеңауқымды
мемлекеттік мүдделерді айқындаудың бір бөлшегі деп қарастырады. Бұл
институттарды қайта құруға да, сыртқы саясатты Конституция деңгейінде бекітуге
де қатысты.

