Қазақстанда роботтар асық ойынын меңгеруде

Қазақстанда роботтар асық ойынын меңгеруде

Роботтар қазақтың ұлттық ойындарын меңгеруде. Мысалы, Түркістан облысында құлтемірлер асық атуда көмектеседі. Ақылды машиналар балаларға асықтарды арнайы алаңда қаз-қатар тізіп береді. Дегенмен, ойынның негізгі ережелерін мұғалімдер үйретеді. Жалпы асық ату – тек қызықты ғана емес, сондай-ақ, көзді дәлдікке, қолды ептілікке және ұсақ моториканы дамытуға пайдалы ойын. Ал, балалардың өздері үшін бұл ұлттық дәстүр заманауи механикалық көмекшілердің арқасында одан да қызықты бола түскен.


Исматулла Усманов, Сарыағаш аудандық әкелер кеңесінің төрағасы:

- Мына балалар қоңырау кезінде іштегі энергияны шығарып, бір-бірімен қарым-қатынасты нығайтуда, ойындағы ойлау қабілеті және іс-қимыл шапшан болуына үлкен септігін тиігзеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?