Қазақстанның жаңа Конституциясы демократиялық тетіктерді нығайтады

Қазақстанның жаңа Конституциясы демократиялық тетіктерді нығайтады

Қазақстанның жаңа Конституциясы азаматтардың ел өміріне қатысуын кеңейту арқылы мемлекеттік басқарудың демократиялық тетіктерін бекемдей түсіп, саяси жүйені өзгертеді. Мәжілісмен Марат Башимовтың пікірінше, бұл өзгерістер қоғамдық институттардың рөлін айтарлықтай арттырып, билік пен халық арасындағы диалогқа жол ашты.  Ол азаматтардың мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қоғамның құқықтық жүйеге деген сенімін арттыруға бағытталған сот реформаларының да маңызы зор деді. Депутат бұл бағыт демократиялық қағидаттарға сәйкес келетінін және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси жаңғыру жолының заңды жалғасы екенін атап өтті.

Марат Башимов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қазір Конституцияда біз айтамыз ғой Миранда принципттері бар.  Ол процессуалдық принциптер. Оның өзі сот арқылы ғана дәлелделеді. Сен процессуалдық құқықтарды қорғау керексін. Оның бәрі жеке құқықтармен байланысты. Мысалы, цифрлық құқықтар, еңбек құқықтары. Осы Конституциядан шыққан көп принциптардің бәрі қазір заңда өз орнын тауып отыр. Енді бір ғана мақсат – осындай адамның құқытарын жоғарғы деңгейге көтеру.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?