Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Былтыр бірлестікке мүше елдердің жалпы ішкі өнімі 4% өсім көрсеткен. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес алаңындағы халықаралық диалогтың маңызды екеніне тоқталып, қабылданған шешімдер интеграциялық үдерістердің дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді. Жиында тараптар агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірістің тұрақтылығын арттыруға және саланың инновациялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруды қолдау тетігін талқылады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын, дәнді дақылдар селекциясын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сияқты бағыттарға ерекше назар аударылды. Жиынға қатысушылар ортақ кеңістіктің интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту бойынша да пікір алмасты. Бұл бағытта жұмысты жандандыру қажет екені атап өтілді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?