Қазақстанның Зайсан өңірінде әуежай құрылысы басталды

Қазақстанның Зайсан өңірінде әуежай құрылысы басталды

Қазақстанның Зайсан қаласында жаңа әуежай құрылысы басталды. Шығыс өңірдегі шаһарда 34 мыңнан астам адам тұрады. Әуежай қаладан 25 шақырым жердегі Сәтбай ауылының маңындағы бұрынғы әскери әуеайлақ базасында салынып жатыр. 184 жарым гектар жерді алып жатқан учаске географиялық жағдайды, сондай-ақ логистикалық қолжетімділікті ескере отырып таңдалды. Әуежайда алдағы уақытта кеңейту мүмкіндігімен ұзындығы 2200 метр болатын ұшып-қону жолағы салынады. Қазір ол жаққа бағыт ашу үшін ATR-72 ұшақтарын сатып алу мәселесі пысықталып жатыр. Сондай-ақ, биыл Шығыс Қазақстанда бес теміржол вокзалы жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Президент тапсырмасы бойынша, Зайсанмен қоса Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймағында да әуежай салынуы тиіс.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?