Алматыда Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум өтіп жатыр

Алматыда Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум өтіп жатыр

Алматыда Бакуде өткен Бірінші түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтуде. 1926 жылы Әзербайжан астанасындағы тарихи жиында түбі бір мәдени мұраны сақтау, ортақ әліпби қалыптастыру және тіл мәселелері талқыланды. Тұңғыш құрылтайда түркі халықтары араб қарпінен латын жазуына көшу шешімне келді. Тура бір ғасыр өтсе де бұл тақырыптар әлі маңызын жойған жоқ. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия елдерінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ АҚШ пен Еуропа елдерінің түркітанушылары екі күн бойы Бірінші құрылтайдың тарихи маңызын және ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің дамуын талқылады. Шара аясында Бакудегі тарихи жиын мұрасының бірегей мұрағаттық фотосуреттері, сирек құжаттар және бейне таспалар қойылған ауқымды экспозиция ұсынылды. Халықаралық жиынды Түркі академиясы мен түркі елдерінің өзге де ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан мен Әзірбайжанның жетекші университеттері бірлесіп ұйымдастырды.

Шаһин Мұстафаев, Түркі академиясының президенті:

- Мен бұл халықаралық конференция түркологияны одан әрі дамытуға, халықтарымызды өзара жақындастыруға тың серпін береді деп үміттенемін. Бұл жерде біз ортақ түркі тарихын жазу мәселелерін талқылай аламыз. Ортақ терминологияны қалыптастыру туралы тың ойларымызды ортаға саламыз. Бұл Бакудегі Бірінші құрылтай қатысушылары осыдан тура 100 жыл бұрын қойған мәселелерді шешудің лайықты жалғасы деп білемін.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?