Қазақстан халыққа арналған цифрлық қызмет рейтингінде алға жылжыды

Қазақстан халыққа арналған цифрлық қызмет рейтингінде алға жылжыды

Қазақстан IMD цифрлық бәсекеге қабілеттілік әлемдік рейтингінде 64 елдің ішінде 34 орынға табан тіреді. Бұл жерде әр мемлекеттегі министрліктердің жұмысы бағаланады. Оның ішінде қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлерді қатыстырмай-ақ, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе алуы да ерекше бағаланады. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы хабарлауда. Әлемдік рейтингке көз жүгіртсек, елімізде қызмет көрсетудің озық үлгісін Әділет министрлігі көрсетті. Артынша, Ішкі істер министрлігі орналасып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ведомствосы үздік үштікті қорытындылады. Ал, халықтың оң бағасын алған министрлік – Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту салалары болып танылды. Көлік министрлігі онлайн-қызмет көрсетудің қолжетімділігі бойынша көш бастады. Ал, азаматтар үшін мемлекеттік органдардың көрсеткен ең үздік электронды қызметі ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мүгедектік дәрежесін бекіту және ұзарту танылды. Жыл басынан бері бұл қызметтің 3/1 бөлігі онлайн режимде көрсетілген. Өзге ведомстволар туралы айтар болсақ, Оқу-ағарту министрлігі оқушының цифрлық профилін және электронды бухгалтерия қызметтері жасала отыра 10 индикатордың жартысы орындалған. Ал, Ішкі істер министрлігі болса, тәртіп сақшыларын толыққанды бейне камералармен қамтамасыз еткен.