Қазақстанның ұлттық құрамасы 7-14 ақпан аралығында
Қытайда өтетін IX қысқы Азия ойындарына аттанды. Астанадағы Qazaqstan жеңіл
атлетика спорт кешенінде салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Онда шайбалы
хоккейден еліміздің спорт шебері Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық
дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихоноваға ойындардың ашылуында алып жүретін
мемлекеттік ту табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ұлттық құрамасы коньки тебу және шаңғы спорты, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг және шайбалы хоккей түрлеріне қатысады. Жалпы спортшыларымыз 51 медаль үшін бақ сынасады.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

