Қазақстанның туристік саласына инвестициялар көлемі 27% өсті

Қазақстанның туристік саласына инвестициялар көлемі 27% өсті

Отандық туризм инвесторлар үшін тартымды бағыт. Бұған соңғы уақыттағы көрсеткіштер дәлел. Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында туризм саласына 600 млрд теңге тартылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27%  артты деген сөз. Рекордтық өсім әсіресе, Ұлытау, Ақтөбе, Атырау және Қызылорда өңірлерінде байқалады. Шетел қонақтарының елге деген қызуғышылығынан да оң өзгеріс көруге болады. Соңғы 6 айда Қазақстанға 7,5 млн турист келген. Бұл жөнінде жауапты министрлік өкілдері Астанада өткен брифингте мәлімдеді. Сөздерінше, сырттан келетін туристер саны қаржылай көрсеткіштердің өсуіне де оң ықпал етуде. Қонақүйлерден бастап, хостелдар мен демалыс базаларына дейінгі орналастыру орындарының жиынтық табысы 151 млрд теңгеден асқан. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда төрттен бірге көп. Сондай-ақ, министрлік курорттық аймақтарды дамытуға арналған бірнеше бағыт ұсынды. Мәселен, олар үшін арнайы құқықтық режим орнату керектігі айтылды.

Нұртас Кәріпбаев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:

- Ол басым туристік аймақтарға берілетін инвестициялық преференциялармен ұқсас болады. Сондай-ақ, курорттық аймақтарда міндетті талаптарын сақталуын бақылау және қадағалау жүйесін бекіту маңызды. Бұл жүйеге жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жүргізуді шектеу шаралары қолдану кіреді. Біз осы ұсыныстарды іске асыру, курорттық аймақтардың қызметін кешенді реттеуге, сервистің сапасын арттыруға және туристерді көбірек тартуға жағдай жасаймыз деп сенеміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?