Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 2022 жылы 2,3% дейін төмендейді. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының әлемдік экономикаға арналған баяндамасында хабарланды. Қордың бұған дейінгі болжамында Республиканың жалпы ішкі өнімі 3,8%-ке артады деп күтілген. Ал 2023 жылы ел экономикасы 4,4%-ке өсуі мүмкін. Халықаралық валюта қорының есебіне сәйкес, жаһандық ЖІӨ-нің өсімі де баяулайды. Көрсеткіш 4,4%-тен 3,6%-ке дейін төмендеді. Оның негізгі себептері ретінде Украинадағы жағдай, дамыған және дамушы мемлекеттердегі жоғары инфляция аталып отыр.
Автор: Гүлбану Тәжібек