Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналым шамамен 2,5 млрд долларды құрады. Еліміз жеті айдың қорытындысы бойынша көршілес елдің негізгі сыртқы сауда серіктестерінің «үштігіне» енді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Жалпы Өзбекстанның басты сауда серіктесі – Қытай, қос мемлекет шамамен 7 миллиард долларға сауда жасасқан. Екінші орында Ресей тұр. Елдер арасындағы өзара алыс-беріс 5 млрд-тан асып жығылған. Еске сала кетейік, 2022 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты тауар айналым 5 миллиард долларға жеткен.