2024 жылы Қазақстанға 655 мың қытайлық турист келді

2024 жылы Қазақстанға 655 мың қытайлық турист келді

Былтыр Қазақстанға 655 мың қытайлық турист келді. Елміздің туризм және  спорт министрлігінің дерегінше, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ке көп. Тың көрсеткіш Қытай азаматтарының мәдени және табиғи мұрамызға деген қызығушылығының артып келе жатқанының белгісі дейді, отандық мамандар.  Сонымен қатар, Қазақстанның аспан асты еліндегі туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды. Бұл өзара іс-қимылға берік негіз құрды. Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. Мәселен, 1,3 млрд астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар тарады. Сала мамандары бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай артуына сеп болғанын айтады. 

Нұртас Кәріпбаев, ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:

- Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланғанын атап өту керек. Бұл екіжақты қарым-қатынастардың тереңдей түскенін көрсетеді. Әрі бұл екі тарапқа ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда жаңа мүмкіндіктер береді. Осының бәрі туризмнің дамуына ықпал етіп қана қоймай, халықтар арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?