Қазақстанның сыртқы сауда айналымының ең көп үлесі Қытайға тиесілі

Қазақстанның сыртқы сауда айналымының ең көп үлесі Қытайға тиесілі

Осы жылдың 4 айында Қазақстан шет елдермен 43 млрд долларға сауда жасады. Бұл ретте сыртқы сауда айналымы көлемінде Аспан асты елінің үлесі басым. Ол АҚШ валютасында 9 млрд-қа тең. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институты хабарлайды.

Сарапшылардың мәліметінше, екінші орында – Ресей келеді. Аталаған елмен өзара алыс-беріс шамамен 7 жарым млрд долларды құрады. Ал Түркия 6 жарым млрд-пен үздік үштікті тұйықтап тұр.

Айта кетейік, осы кезеңде біздің елден жеткізілген тауар 25 млрд доллардан асты. Шетелге ең көп мұнай, кен, уран және бидай экспортталды. Сонымен қатар, отандық тауарларды Италия, Қытай және Ресей сатып алады. Өз кезегінде шетелден  республикаға дәрі-дәрмек, ұшу аппараттары, смартфондар, жеңіл машиналарға арналған шанақтар мен автомобильдер импортталады.