2022 жылы оның көлемі 30%-ке өсіп, 1 трлн 300 млрд теңгеден асты. Сарапшылар электронды коммерцияның дамуын елдегі цифрландырудың жоғары деңгейімен байланыстырып отыр. БҰҰ деректері бойынша біздің еліміз электрондық қатысу индексі бойынша әлемде 15-ші, ал электронды үкіметті дамыту бойынша 28-ші орында. Маркетплэйстер нарықтың негізгі драйверлері болып қала береді. Олардың үлесіне елдегі барлық электронды сатып алулардың 90%-не жуығы тиесілі. Сонымен қатар қазақстандықтар арасында халықаралық сайттардан гөрі, жергілікті сатушылардың тауарларына сұраныс жоғары. Мәселен, 10 сатылымның 8-і отандық кәсіпкерлердің үлесінде.