Қазақстан мұнайының экспорты 12%-ке өсті

Жыл басынан бері қазақстандық мұнайды шетелге жеткізу көлемі 12%-ке  артты. Елімізде қаңтар-сәуір айларында барлығы 25 млн тоннадан астам қара алтын өндірілді. Оның 24 млн-нан сәл астамы экспортталған. Елімізден шетелге шығарылатын шикізат көлемінің артуымен бірге, баға да өсті. Ол жылына 58%-ке  көтерілген. Еліміздегі мұнай жеткізу көлеміне келетін болсақ, екі еседен астамға азайып, миллион тоннаға жетті. Битумды материалдардан алынған шикі мұнай өнімдері мен мұнай экспорты 32 миллион тоннадан асты. Өсім биылғы жылдың 5 айында шамамен 12%-ті құрады. Қара алтынды негізгі сатып алушылар Италия, Нидерланды, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты елдер екнін айта кеткен жөн.