Алматыда креативті экономиканы дамыту талқыланды

Алматыда креативті экономиканы дамыту талқыланды

Алматыда креативті экономиканы дамытуға арналған форум өтті. Әзірлеушілер мен кәсіпкерлер бірлесіп саланы жетілдіруге бағытталған нақты құралдарды іздеді. Айта кетейік, қазір бұл секторда кино мен сән өнерінен бастап IT және ойын әзірлеуге дейінгі 12 бағыт қамтылған. Форум аясында панельдік сессиялар мен воркшоптар өткізіледі, онда қатысушылар сандық контент жасау, PR-стратегиялар мен нейрожелілерді қолдану бойынша тәжірибе алмасты. Цифрлық ақыл-ой бүгінде әр бағытқа, әсіресе, геймдев, жарнама және дизайнға кіріккен. Бұл бағыттарда жасанды интеллект маманның ассистенті болып табылады.

Диана Әшімова, Кинопродюсер:

- Бұл шынымен де жаңа құрал, өте жақсы көмекші, ол бізге қазір постпродакшн деңгейінде киноөндірісті жеңілдетуге мүмкіндік береді. Оны сауатты пайдалану арқылы өте қызықты және қажетті жобалар жасауға болады.

Отандық креаторлар жаңа буынының жарқын өкілдерінің бірі - New Media факультетінің бірінші курс студенті Әлиасқар Құттымұрат. Оның кәсіби жолы нейрожелілердің көмегімен жасалған әуесқой бейнелерден басталып, әлемдік танымалдыққа дейін жеткен. Әлиасқар өз командасымен бірге халықаралық хакатонда 13 елден жиылған бәсекелестерін басып озып, жетінші орынды иеленді. Оның соңғы еңбегі туған өлкесінің сұлулығына арналған.

Әлиасқар Құттымұрат, Студент:

- Бұл сала мен үшін өте қызықты болғандықтан, біліктілігімді белсенді дамытып келемін, әр түрлі клиптер мен фильмдер жасаймын. Қандай да бір ерекше жоба жасағым келеді, қазір соны жоспарлап жүрмін. Қазақстанның әлемдік нарықта бәсекеге түсе алатынын, саланың дамып келе жатқанын, Қазақстанда жасанды интеллект жоғары деңгейде екенін көрсеткім келеді.

Креативті экономика жаһандық трендке айналды және Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалмаған. Ол экономиканың дербес секторына айналып, белсенді өсім көрсетіп келеді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның Жалпы Ішкі Өніміндегі креативті индустрия үлесі 1% құрайды. Ал 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті екі есеге арттыру жоспарланған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?