Қазақстанның су шаруашылығында халықаралық әріптестік ширап келеді

Қазақстанның су шаруашылығында халықаралық әріптестік ширап келеді

Ислам даму банкі Қазақстанда су шаруашылығын жаңғыртуға 2,7 млрд доллар несие мен грант бөледі. Бұл жөнінде Мәжілісте өткен Үкімет сағатында сала министрі мәлімдеді. Нұржан Нұржігітовтің сөзінше, жоба екі кезеңмен жүзеге асырылмақ. Оның аясында биылдың өзінде 4 ірі су қоймасының құрылысын бастау көзделген. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы үш жарым мың шақырымды құрайтын 115 ирригациялық каналды цифрландыру элементтерімен жаңғырту межеленген. 2027 жылға жоспарланған екінші кезең 13 су қоймасын салу және 11-ін реконструкциялауды қамтиды. Сонымен қатар, 5000 шақырымнан астам ирригациялық каналдар жаңғыртылады. Есесіне елдің су инфроқұрылымы жақсарып, 134 елді мекенде су басу қаупі сейіледі деп болжануда.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Ислам даму банкімен ынтымақтастық шеңберінде су және өзен бассейндеріндегі экологиялық және басқарушылық мәселелерді зерделеу мен бағалау мақсатында жалпы сомасы 3,5 млн АҚШ долларын құрайтын техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды. Бұл грант аясында Қазақ су ресурстары ғылыми-зерттеу институтының жұмысы қолдау тауып, сонымен қатар «Қазсушар» кәсіпорны техникалық жабдықтау және Ақпараттық - талдау орталығында ерте ден қою жүйесін енгізу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Ал Француз даму агенттігі Балқаш көлінің мастер-жоспарын әзірлеуге 1,3 млн еуро грант бөліп отыр. Жапония Үкіметі су тасқынына қарсы кешенді іс қимыл жобасына шамамен 2 млн доллар көлемінде грант бағыттамақ. Жалпы былтыр еліміз Су секторын дамыту жөніндегі серіктестердің үйлестіру кеңесін құрғаны мәлім. Бейінді ведомства халықаралық әріптестік аясында заманауи тәжірибелер мен озық технологияларды енгізуге бағытталған 4 келісім мен 19 меморандум жасасты.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?