Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Парадты Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, сондай-ақ Куба, Лаос және Гвинея-Бисау Президентері тамашалады.