155 метрлік құрақ көрпе. Ақтөбе облысының он саусағынан өнер тамған шеберлері
қаланың 155 жылдық мерейтойына осындай тарту жасады.
Көрпелердің әрқайсының ұзындығы 2 метрден асады. Барлығы 67 дана. Әр шаңырақтың төріне сән беретін бұйымда көктемнің
символы қызғалдақ, құрсақ ою секілді өрнектер көрініс тапқан. Қолөнершілер
оларды су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға
таратып беру туралы шешім қабылдаған.
Райгүл Серғалиева, өлкетанушы:
-Негізгі мақсатымыз - қазақ халқының ұлттық құндылығын
насихаттау. Салтын, дәстүрін, ұмыт болған тарихын, ата-бабамыздың ұрпақ
тәрбиесіндегі өнегелі істерін ұрпаққа жеткізу мақсатында, бір қолымен бесікті,
бір қолымен әлемді тербеткен аналар бас қосып отырмыз.