Мәжіліс депутаттары өткен аптада сенаторлар ұсынған түзетулермен денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасын жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, олар вейптерді жарнамалауға тыйым салуға, ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті енгізуге, сондай-ақ лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің интернет-ресурстарын бұғаттауға қатысты. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлім етті
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
— Заңдардың негізгі новеллалары келесідей: біріншіден – букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, билбордтарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу туралы норма қарастарылып отыр; ал басқа жердегі жарнамасын шектеу ұсынылады; екіншіден - Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған азаматтар үшін құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ұсынылады.
Айта кетейік, заң жобасындағы негізгі мәселелердің бірі медицина қызметкерлерінің жұмысына, олардың мәртебесі мен беделін арттыруға қатысты. Құжаттың нормалары сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру моделін енгізуді көздейді.