Қазақстанның шекарасында тасымалдаушыларға биометриялық жеке сәйкестендіру енгізіледі

Қазақстанның шекарасында тасымалдаушыларға биометриялық жеке сәйкестендіру енгізіледі

Мемлекеттік шекарада кезектердің жасанды тапшылығына және брондау алыпсатарлығына қарсы күрес жалғасуда. Жақында CarGoRuqsat қызметіне биометриялық жеке сәйкестендіру  енгізілетін болды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Жүйе тасымалдаушылар рұқсат етпеген және электронды кезекте орын тапшылығын туғызатын делдалдардың қызметін қысқартады. Ал, тасымалдаушылар рұқсат берген делдалдар  автокөлік иесінен цифрлық «сенімхат» ала алады. Осылайша, делдалдар институты қызметке тіркеледі, бұл әрбір пайдаланушының «цифрлық іздерін» және оның жүйедегі әрекеттерін қадағалауға және талдауға мүмкіндік береді.  

Авторы: Әсел Күшенғалиева