Украинадағы ахуалға байланысты БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Украинадағы ахуалға байланысты БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Нью-Йоркте Украинадағы ахуалға байланысты БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Ұйым Бас хатшысы елдегі соғыс қимылдары адам өліміне және азаматтық инфрақұрылымның қирауына әкеп соқтырғанын жеткізді. Антониу Гутерриш Украинаның Буча қаласында болған оқиғаға байланысты тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырғанын еске алды.