Қазақстанның барлық негізгі сауда серіктесімен өзара тауар айналымында өсім байқалады. Өңделген өнімдер экспортына келер болсақ, 26,5 миллиард долларды құрап, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Терең өңделген экспорт тауарларының тізімі кеңейіп, отандық тауарлар жаңа экспорт нарықтарына шықты.